Оралдық блогер Айболат Бөкенов жол ережесін бұзған полицейдің сазайын берді. Жігіт полицейге дегенін істетіп, оны видеоға түсірді деп жазады Уральская неделя.
Полицей бір емес 2 ережені бұзып отыр. Алдымен бағдаршамның қызыл түсінен өткен. Одан кейін актокөліктің алдынғы терезесін қараңғылап алған.
«Бүгін түсте таксиде келе жатып, Volkswagen Passat маркалы көлікті тізгіндеген полицейді көзім шалды. Біріншіден ол бағдаршамның қызыл түсінен өтті. Ал, екіншіден автокөлігін қараңғылап алған. Бұған шыдай алмаған мен полицейдің көлігін қуып жеттім. Сөйтіп, оны тоқтаттым да, тонировканы алып тастауын сұрадым. Өйткені, заң бәрімізге ортақ. Бұдан кейін полицейлерді қатаң қадағалап отыратын боламын»,– деген блогер ақыры полицейге дегенін істетіп, сазайын берді.