Шымкентте 6 жасар екі қызды шешіндіріп, суретке түсірген педофил ұсталды деп мәлімдейді ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.
Оқиға 23 наурызда сағат кешкі 20.45-те болған.
"Шымкенттегі Еңбекшіқазақ ауданындағы Уәлиханов көшесінің бойында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызметте жүргенде патруль тобының басшысы ефрейтор Бекзат Мамановқа бір азаматша келіп, еуропалық түр-кескіндегі белгісіз ер адам табуға көмектесуді сұрады. Әйелдің айтуынша, ол жоқта ашық түсті күрте киген 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде 6 жасар екі қызға келіп, шешінуге зорлықсыз көндіріп, оларды өз планшетіне суретке түсіріп алған", – делінген хабарламада.
Патруль тобының басшысы бағыттаманы алған бойда жауынгерлік жасақтарға жолдап, іздеуге көшкен. Бір сағаттан кейін көрші аулада бағыттамада көрсетілген ер адам ұсталған. Оқиғаның өзге мән-жайы жоқ.
Дереккөз: Tengrinews.kz