$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда 15 тамызға дейін жаңа Еңбек кодексі дайын болады

ҚР Еңбек кодексінің жаңа жобалары мен «ҚР халқын жұмыспен қамту туралы» заң 2015 жылдың 15 тамызына дейін әзірленіп, кәсіподақ федерациясының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қарауына ұсынылады.

Бұл туралы бүгін ҚР еңбек және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстан кәсіподақтары федерациясының XXIV съезді отырысында мәлімдеді,  деп хабарлайды Skifnews.kz премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңды және Еңбек кодексі жобасын әзірлеу 15 тамызға қарай аяқталып, сіздердің қарауларыңызға ұсынылады», - деді Т.Дүйсенова.

Ол Үкімет әзірлеп жатқан жаңа Еңбек кодексінің жобасы Қазақстанда былтыр қабылданған «Кәсіподақтар туралы» заңмен келісілетінін айтып өтті. 

«Жаңа кодекс еңбек қатынастарын ырықтандыруды қарастырады. Сонымен бірге, ұжымдық-келісімдік қатынастарға баса көңіл бөлінеді. Кәсіподақтар біздің «Кәсіподақтар туралы» заңда қарастырған құзіреттіліктерді ескере отырып, өз мәселелерін кәсіпорындар деңгейінде қаншалықты көтеретін болса, Қазақстанда әлеуметтік серіктестік соншалықты дамиды», - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, еңбек кодексімен қатар «Халықты жұмыспен қамту» заң жобасы да әзірленуде, бұл ең алдымен еңбек нарығы институттарын дамытуды, сондай-ақ, жұмыссыз қалған адамдардың әлеуметтік қорғалғандығын күшейтуді қарастырады. 

«Бұл тек қана әлеуметтік қорғауды ғана емес, сонымен бірге мемлекет тарапынан қолдауды, оқытуды және қайта оқытуды, біліктілікті арттыруды, жұмысынан айрылған жағдайда еңбекпен қамту немесе өзі қаласа микронесиелер түрінде әлеуметтік қолдаудың жеке түрлерін ұсыну мүмкіндігі қарастырылады», - деп түсіндірді Т.Дүйсенова. 

Бұдан өзге, ол ДСӘДМ кәсіподақтармен бірге 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылатын жәрдемақылар көлемі мәселесін қарайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары