$ 498.34  519.72  4.85

Бас прократура педофилдерді піштіруді ұсынды

Бүгінгі Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында  педофилдерді піштіруді қолданысқа енгізу ұсынылды.

"Піштіру даулы мәселе болса да, ол сақтандыру шарасы, ерікті немесе еріксіз, химиялық немесе физикалық. Көптеген елде, оның арасында Ресейде бұл әдіс қылмысты азайту мақсатында енгізілген және бірінші кезекте ол бүлдіршіндерді қорғау мақсатында қолданылады", - деп мәлімдеді Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев Астанада өткен отырыс барысында.

Ол ішкі істер, денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму органдарына бұл мәселені жан-жақты қарастыруды ұсынды.

Исаев қоғамнан зорлықшыларды шеттету шараларының жеткіліксіз болып отырғанын айтты. "Жыл сайын түрмеден жүздеген зорлықшы шығады және олар бұрынғы әдеттеріне қайта оралмайды деген ешқандай кепіл жоқ", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Ондай-ақ, ол: Өскеменде зорлау әрекеті үшін 2000 жылы сотталып, 2005 жылы түрмеден босап шыққан азамат бірнеше айдан кейін сол қылмысты қайта жасаған. 10 жыл түрмеде отырып, ақпанда шыққан ол екі аптадан кейін бүлдіршінді зорлады», - деген мысалдар келтірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары