Оңтүстік Қазақстан облысындағы Абай елді мекенінде зорланды деген жеті жасар балаға қатысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы КТК телеарнасына отбасының адвокаты Бауыржан Азанов айтып берді.
Үш күн бойы бала анасымен, адвокаттар және Бас прокуратураның тергеушілерімен бірге елді мекенде болды. Бала өзінің айтуынша, жоғары сынып оқушылары зорлық жасаған жерді көрсетті.
Ана мен бала қазір Алматыға қайта келді. Іс бойынша басқа ақпарат жария етілмей отыр, дегенмен күдікті жеткіншектерге тегін адвокаттар берілгені белгілі болды: олардың мүддесін оңтүстікқазақстандық үш құқыққорғаушы қорғайды.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанда бірінші сынып оқушысы зорланды деген ақпарат қоғамдық резонанс тудырған болатын. Баланың әжесінің айтуынша, немересін жоғары сынып оқушылары ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, жәбірлеген.
Сарыағаш ауданының білім бөлімі сот-медициналық сараптама балаға зорлық жасау дерегін растамағанын мәлімдеді. Дегенмен сараптама нәтижесіне белсенділер мен еріктілер күмән келтірді.
Дереккөз: Sputniknews.kz