$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбелік жігіт суық күнде далада жүрген қаңғыбастарға ыстық шай берді (ФОТО)

Ақтөбелік жігіт суық күнде дірдектеп далада жүрген қаңғыбастарға шай мен тамақ үйлестірді. Ер азаматтың қайырымдылық жасап жатқан сәті Instagram-парақшасындағы zello_help тобында жарияланды.

«Кедейдің байығаны бір тойғаны» дегендей жігіт қолына 5 литр ыстық шай алып шығып, қайыр сұраған тіленшілер мен үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастарды бір қарық қылды.

Желі қолданушылары ақтөбелік азаматтың бұл әрекетіне риза болып, ізгі тілектерін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары