29.03.2018, 04:20

Қызылордалық полицей жүргізушінің телефонын тартып алды (ВИДЕО)

Қызылордада жол полициясы өзі тоқтатқан көлік иесінің телефонын тартып алды. Видео Instagram-парақшасындағы kaz_prikoly тобында жарияланды.

Видеода көлік жүргізушісі полицейден телефонын ала алмай жатады. Куәгер болса, кадр сыртында полиция қызметкерінің жанындағы кісінің жеке мүлкін тартып алғанын баяндайды.

Патрульдік полиция көлігінің мемлекеттік нөмірі N 322 екені анық көрінеді.

Желі қолданушылары мұндай оқиғанын жиі болатынын жарыса жазып жатыр.