$ 494.87  520.65  4.91

Адвокат: «Селтановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды»

Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген 7 жасар балаға қатысты іс ушыға түскендей. 1-сынып оқушысы мен оның әжесіне заңгерлік көмек көрсетіп, істің басы-қасында жүрген адвокат Құрманғазы Мүсірдің айтуынша, ОҚО ІІД Криминалды полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтановтың үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл туралы ол 31-арна тілшілеріне берген сұхбатында айтып берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Құрманғазы Мүсір мен Дінмұхаммед Артықовқа ауыл биі Нұрман Мережепов шығып, аталған істі ушықтырмай жауып тастауын сұрапты. Себебін ол өзіне көрсетілген қысыммен түсіндірген. Яғни, Бауыржан Селтанов: «інілеріңді қойдырмасаң өзің қамаласың» деп қорқытқан көрінеді.

«Жағам қайырылып қалған екен, соны туралаған болып ұстады да, Нұрман саған бетіңе айтамын деді. Мына екеуін тоқтатасың. Тоқтатпасаң, ісім сенімен болып, мен сені подставить етіп құртамын деді. Мен бекерден-бекер қамалып кетемін бе, бала-шағамды кім асырайды ертең? Әлі барлығы мектепке барады, жас балалар. Мен не үшін қамалуым керек, мен ол жерде болмасам, қатысым жоқ болса бұл тірлікке?» - деп ашынады Абай ауылының биі Нұрман Мережепов.

Айта кетейік, 7 жасар баланы зорлауы мүмкін деп айыпталып жатқан жоғары сынып оқушыларының мектеп директоры осы Бауыржан Селтановтың жеңгесі. Ал, Бауыржанның әкесі Сапарәлі Селтанов жергілікті мәслихаттың депутаты.

Криминалды полиция басқармасы басшысына қатысты облыстық ішкі істер департаментіндегілер әзірге тіс жарып ештеңе айтқан жоқ. Прокуратура органдары да Селтановқа қатысты әзірге мәлімет таратпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары