Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды, ол есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі келіншектің адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовқа сілтеме жасап.
Оның мәліметінше, сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. "Біздің тарап Гуанчжоу сотының шешімімен келіспейді. Апелляциялық инстанцияға үкімге шағым келтіреміз, оның қорытындысын қызығушылық танытқан адамдар біле алады", - деп хабарлады адвокат. Ол сотта Қазақстан СІМ өкілдері мен Ақжарқын Тұрлыбайдың туыстарының қатысқанын хабарлады.
Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Малайзияға ұшып кетпекші болған Айжарқынның жүгінен есірткі заттары табылған.