$ 449.58  486.94  4.86

Ақжарқын Тұрлыбай елімізге экстрадициялануы мүмкін

Қытайда есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық азаматша отанына экстрадициялануы мүмкін.  Бүгін СІМ Қазақстан азаматшасына байланысты пікір білдірді.

"Қазақстан мен Қытайдың арасындағы стратегиялық достастық қарым-қатынасының негізінде 2011 жылы біздің елдердің арасында сотталған азаматтарды айырбастау туралы келісімшартқа қол қойылған. Бұл келісімшартты 2013 жылы біздің елдің Парламенті ратификациялады. Халықаралық-дипломатиялық, халықаралық тәжірибеге сәйкес, мұндай келісімшарт Қытай тарапының ратификациялауынан кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта Қытай тарапы ратификациялау мәселесін қарастырып жатыр. Оның қашан күшіне енетіні қытайлық тараптың ратификациясына байланысты. Ратификациялық нормалармен айырбас тәртібі бекітілген. Әрмен қарай Ақжарқынды және басқа сотталғандарды айырбастау мәселесі құқық қорғау органдары желісі арқылы жүргізіледі, нақтырақ айтсақ Бас прокуратура осы іспен айналысады. Бұл келісімшарттың мәліметтері мен әдістерін сол ведомство түсіндіріп бере алады", - деп хабарлады бүгін Астанада ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Ол Қытай тарапының қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды 4,5 келі қоспа есірткіні тасымалдау бойынша айыптағанын атап өтті.

"Біздің консулымыз бірнеше мәрте Ақжарқынмен кездесті, оның жағдайы қазіргі уақытта қалыпты деуге болады, жаза өтеу орындарында ол өзін жақсы сезінеді. Біз мұның барлығын бақылаймыз. Ақжарқынның жанұясы мемлекеттік адвокаттың қызметіненен бас тартты. Біз жеке адвокаттарды жалдадық, сонымен қатар Қазақстан қорғаушыларын да жалдадық. Барлық сот отырысына қатысып, консулдық-құқықтық көмек көрсеттік", - деді Әбибуллаев. Ол қазақстандық дипломаттардың отандасымыздың жағдайына алаңдаулы екенін айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары