12.04.2018, 10:21

13 жастағы туған қызын ерлі-зайыптылар зорлап келген

11 cәуір күні Тракторозаводской аудандық соты 34 жастағы ерлі-зайыптыны туған қызын зорлап келгеніне кінәлі деп тапты.

Әйел 15 жылға, ал оның күйеуі 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, ерлі зайыптылар 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың наурызына дейін туған қызын секс-құлдықта ұстап келген. Олар 13 жасар қызын күнде зорлап отырыпты.

Зорлыққа тап болған қыз бала үздік оқушылардың бірі болғанына қарамастан, мектепке барудан қалған. Жеткіншек ата-анасының қылмысын жасырып келгенімен, кезекті медициналық тексеріс кезінде оның сексуалдық зорлыққа тап болғаны әшкереленеді.

Ата-анасы баласын педофилдер зорлағанша, өздері зорлағанды оң санайтынын алға тартып, ақталуға тырысқанымен, сотта жазасын алды.

Дереккөз: КТК телеарнасы