Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық соты түркістандық такси жүргізушісіне қатысты қылмыстық істі бастады. Сот отырысында күдікті кінәсін толық мойындады деп жазады Otyrar.kz.
Қаңтар айында 24 жастағы жігіт небәрі 40 мың теңге үшін қызды банкоматта ақша алып тұрған жерінен көлігіне алдап отырғызып, айдалада өлтіріп кеткен.
«Жігіт қыздың жанына барып, мойнынан қылқындыра бастайды. Осылайша өз ойын іске асырады», – дейді прокурор.
Жәбірленушінің отбасы күдікті тарапынан 2 млн теңге моральдік шығын ретінде өтемақы алған. Десе де, марқұмның туыстары жігітке ауыр жаза тағайындауды сұрап отыр.
Сот отырысы бірнеше күннен кейін қайта жалғасады.