$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда аудан әкімінің орынбасары келініне 537 гектар жер берген

Павлодар облысында аудан әкімінің орынбасары өзінің келініне 537,8 гектар алқапты бөліп берген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Этика жөніндегі құзырлы мамандар қазір жемқорлық дерегін анықтап жатыр. Мәселен, қызметтік тексеру барысында анықталғандай, аудан әкімінің орынбасары жер комиссиясының төрағасы бола тұра өзінің келініне ауылшаруашылық мақсатында 537,8 гектар жер бөліп берген. Қазіргі таңда аталған алқап мемлекеттік қорға қайтарылды", - делінген аталған хабарламада.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің айтуынша, этика жөніндегі құзырлы мамандарға шағым айтушылардың қатары көбейген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары