Қырғызстанның Жеті-Өгіз аудандық соты 6 жасар баланы зорлады деген айыппен үш жеткіншекті 8-9 жылға бас бостандығынан айырды деп жазады «24.kg» адвокат Эльнур Садабаеваға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 2017 жылы мамырда 6 жасар баланың әкесі милицияға оның зорланғаны туралы арыз жазған. Жәбірленушінің анасы баланың жүйкесінде ауытқуы барын байқап қалыпты. Әңгімелесу кезінде бала үлкендердің өзіне не жасағанын айтып берген. «Үшеуі де зорланған баланың үйі жағында көрші көшеде тұрады. Олар нашар отбасынан шыққан. Айыпталушылардың біреуі учаскелік полиция және мұғалімдер алдында өз қылмысын мойындап, өзімен бірге екі досының болғанын да айтқан. Бірақ әлгілер бастапқыда өз кінәларын мойындағысы келмеді. Кейін тергеушінің араласуынан кейін шындықтарын айтты», - дейді қорғаушы Эльнур Садабаева. Жеті-Өгіз аудандық соты бірінші болып кінәсін мойындаған жеткіншекті 9 жылға, қалған екеуін 8 жылға бас бостандығынан айырған. Ал жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 200 мың сом көлемінде өтемақы төленетін болды. Айыпталушылар жазаларын кәмелетке толмағандарға арналған түрмеде өтейді. Бірақ оларды 18 жасқа толғанда қатаң режимдегі коллонияға ауыстырады.