$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендердің бірі ұсталды

Астанада танымал кәсіпкер Еркін Әмірханов ұсталды. Ол бұрын "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең дәулетті 50 адамның тізімінен түспейтін. Ол пара бермек болған деп жазады Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдегендей, кәсіпкердің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары 3 мамырда басталып кеткен екен.

"2018 жылдың 3 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаменті "Центрказэнергомонтаж" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановтың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Оған ҚР Қылмыстық кодексі 253-бабының 6-тармағы бойынша айып тағылуда", - делінген ҰҚК-нің Zakon.kz тілшілеріне берген жауабында.

Әмірхановты құқық қорғаушылар 5 мамыр күні ұстап әкетіпті. Ал, 6 маусым күні Есіл аудандық соты оны 2 айға қамауға алуға шешім шығарған.

ҰҚК тергеу құпиясына байланысты кәсіпкердің кімге пара бермек болғаны жөнінде мәлімдеген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары