$ 494.87  520.65  4.91

Экс-премьер-министрдің ісі сотқа берілді

Қарағанды облысының прокуратурасы экс-премьер-министр С.Н. Ахметовке, облыс экс-әкімі Б.Т. Әбдішевке, Қарағанды қаласының экс-әкімі М.А. Смағұловқа және басқа да облыс әкімшілігінің лауазымды қызметкерлері мен коммерциялық ұйымдардың қызметкерлеріне (барлығы 21 адам) қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады.

Бұл жайында аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сондай-ақ С.Н. Ахметов аса ірі көлемде пара алғандығы үшін де айыпталып отыр.

2015 жылғы 13 шілдеде жоғарыда аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін Қарағанды облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Айыпталушылар сотқа берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары