$ 494.87  520.65  4.91

Шетелдік 43 азамат еліміздің шекара заңын бұзды

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзған шетелдің 43 азаматын ұстады деп хабарлайды Skifnews.kz  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, олардың арасында «Астана» (әуежай) шекаралық бақылау отрядының наряды «Астана – Абу-Даби» бағытында ұшқалы тұрған «ЕҮ295» рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде елімізден белгіленген уақытта шығуға асықпаған АҚШ азаматын ұстады.

Сондай-ақ, «Алматы» шекаралық бақылау отрядының наряды "Алматы – Сеул" бағытындағы «КС-909» рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде көші-қон полициясында тіркелуді жөн санамаған Оңтүстік Кореялық азаматты ұстауға мәжбүр болды.

Еліміздің солтүстігіндегі «Кызыл Жар» бақылау - өткізу бекетінің шекарашылары «Астана – Казанское» бағытында кетіп бара жатқан «Мерседес» автокөлігіне шекаралық бақылау жасау кезінде елімізде заңсыз жүрген Түркия Республикасының 3 азаматын ұстады.

Барлық ұсталған азаматтар ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары