ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары жемқорлық жүйе түзіп, қылмыстық әрекеттер жасады деп айыпталуда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.С.Теңлібаев жемқорлықпен айналысқаны үшін ұсталды. Ол өзіне қарасты 4 кедендік бекеттің басшыларын тарту арқылы қылмыстық жүйе құрып, жүйелі түрде кәсіпкерлерден пара алып отырған. Бұл ақша үшін олар кәсіпкерлерді "қамқорлығына алған", - делінген аталған хабарламада.
Анықталғандай, 2017-2018 жылдар аралығында аталған қылмыстық жүйе арқылы 1,2 миллион доллар көлемінде пара алынған. Теңлібаев болса қазір қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша іс қозғалды.