$ 439.43  473.31  4.82

«Bank RBK-дан» миллиардтаған ақшаны жымқырған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, «Лидер Нефтепродукт KZ» ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан экстрадициялады.

Ұсталған банкир алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен «Bank RBK» АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп күдікке ілінді. 2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд. теңгені және 83 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып қалған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары