Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевті ұстады. Ол Щучинск-Бурабай аймағындағы көлді тазалау жұмыстарының есебін қабылдағанда құжаттарға заңсыз қол қойған. Аталған жұмыстар 863 млн теңге деп көрсетіліпті. Салдарынан мемлекетке келген шығын көлемі 746 миллион теңге. Бұл туралы бүгін Ұлттық бюроның ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді.
Қазіргі таңда Жақсалиев үй қамағында отыр.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы энергетика вице-министрі Жақсалиевтің заңға қайшы әрекеттерін әшкереледі. Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлін тазалау бойынша жұмысты қабылдау барысында. Ол 2015 жылы "Аймақ және К" ЖШС" мердігер ұйымының мүддесін қорғап, қызметтік құзыретін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Атқарылған жұмыс көлемі 30 есе көбейтіп көрсетілгенін біле тұра, Жақсалиев су қоймасының түбінен 109 мың текше метр лай алу туралы актілерге заңсыз қол қойған, бұл жұмыстарды атқаруға мердігер ұйымға 863 миллион теңге ақша бөлінген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыс құны 746 миллион теңге болған. Жақсалиевтің заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке осы көрсетілген сомада шығын келген. Күдіктіге қатысты "үй қамауына алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.
Бақытжан Жақсалиев үйленген, үш баласы бар. Әр жылдары KEGOC, "КОРЭМ", "Пауэр Инжиниринг", "КазТрансГаз" және "ИнтерГаз ЦА" компанияларында жұмыс істеген. Индустрия және жаңа технологиялықвице-министрі болған