$ 443.85  474.3  4.8

ОҚО-да туған баласын өлтірген 85 жастағы кейуана өз әрекетін түсіндірді

Ақсукент ауылында өз ұлын өлтірген 85 жастағы кейуанаға қатысты сот процесі ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралуда. Қарияға 55 жастағы маскүнем ұлын өлтірген деп айып тағылып отыр деп жазады Otyrar.kz.

Тергеу кезінде марқұм жәбірленуші алкогольді ішімдікке әуес болғаны, сондай-ақ, мас халде туған анасын сабайтындығы анықталған. Қанды оқиға күні де қарт анасына қол көтерген. Күйіп кеткен шешесі қапелімде асхана пышағын алып баласына сұғып алған. Оқиғаның ақ,  қарасы сотта анықталады.

Қарт ананың егде жасы ескеріліп, сотқа дейінгі тергеу кезінде үй қамақта болған. Көршілері өз баласын өлтірген кейуананы жақсы кісі, сыпайы деп сипаттаған. Тіпті көршілер болып кейуананы қорғап, жақтап, петицияға қол қоймақ ниеттері бар екендігін білдірген. ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында болған бұл жағдай бүкіл елдің зәресін ұшырып, жағасын ұстатқан болатын.

Ұлын өлтірген соң кейуана полицейлерді өзі шақырып, кінәсін мойындаған. Араққа сылқия тойған ұлы анасын таяққа жыққан, шыдай алмаған әжей тәртіп сақшыларын шақырғанын айтқан.

Полицейлерді шақыртқанына одан бетер ызаланған 55-тегі ұлы анасына қайта қол көтерген. Кейуана қорғанбақ ниетте асхана пышағын пайдаланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары