$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар балға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетті деген күдікке ілінді деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Оқиға 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданында көшеде болған. ОҚО ІІД баспасөз қызметі осы деректі растап отыр.

"Осы дерекке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды, сараптама жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады", – деді полицейлер. 

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарамағында екенін айтты. 

"Ол полицияға жеткізілді, онымен қылмыстық істің қажетті тергеу шаралары жүргізілді", – деді ІІД өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зорлық #ОҚО