$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде мас әйел жанында ұйықтап қалған жігіттің көлігін айдап кеткен

Ішімдікке тойып алған әйел адам түнде автокөлікті айдап әкетіп, күні бойы қала ішінде жүрген. Өскемен қаласы №2 соты осы оқиғаға қатысты қылмыстық істі қарады Altaynews.kz.

Кешкісін бикеш танысымен барда отырады. Бар жабылған соң олар өздерімен бірге ішімдік алып, гаражға барады. Ол жерде түнгі үштерге дейін бірге көңілді отырысты жалғастырған екен.  Тым көп ішіп қойған ер адам ұйқыға кеткен. Сол сәтті пайдаланып, әйел оның қалтасынан кілтін алып , автотұрақта тұрған көлігін айдап әкетеді.

Түні бойы қала ішінде мас күйінде көлікпен серуендеген бикеш автомобильмен соқтығысып қалып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол -көлік оқиғасынан зардап шеккен жүргізуші келтірілген залалды 500 мың теңгеге бағалап отыр.

Сот шешімімен әйел кінәлі деп табылды. Алайда  жазаны жеңілдететін мән-жайлар – кінәсін мойындау, жасаған ісіне өкініш білдіру, бұрын сотты болмағаны және асырауында кәмелетке толмаған баласының болуы ескеріле отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары