$ 449.58  486.94  4.86

Павлодарлық хакер үш айда 15 млн. теңгені ұрлаған

Павлодарда «Интернет-Банкинг» ақпараттық жүйесіне хакерлік шабуыл жасау ісі бойынша облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ол аталған ақпараттар базасына заңсыз кіріп, сәуірден шілде айына дейін жалпы алғанда 15 млн. теңгені ұрлаған.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 188 бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары