$ 494.87  520.65  4.91

Талғат Ермегияев 4,2 млрд. теңге пара алды деп айыпталуда

Талғат Ермегияев заңсыз 4,2 млрд. теңге сыйақы алды деп айыпталуда. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Айгүл Шайымова мәлім етті.

Талғат Ермегияев ҚР ҚК 176-бабының 4-тармағы бойынша (өзгенің мүлкін жымқыру) күдікті ретінде танылып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бірқатар лауазымды тұлғаларымен және мердігер компанияларының басшыларымен бірге аса ірі көлемде ақша жымқырды деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта тергеу амалдары кезінде Ермегияев жымқырылған қаражаттың ішінен заңсыз сыйақы есебінде 4,2 млрд. теңге көлемінде қаржы алған. Қазір кезде 10 адам қамауға алынды», - деді Айгүл Шайымова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары