$ 498.34  519.72  4.85

Көлік сатамын деп жоғалып кеткен қыздың өлімі анықталды

Қарағандыда көлік сатамын деп жоғалып кеткен қызды өлтірді делінген күдікті ұсталды,  деп хабарлайды облыстық ІІ№д-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 шілдеде Қарағанды қаласы ІІБ Орталық бөлімшесіне қыздың анасы хабарласып, BMW маркалы автомобильмен кеткен қызының жоғалып кеткенін мәлімдеген. Әйел қызының 16 шілдеде белгісіз ер адамға көлігін көрсетуге кеткенін, сол күйі оралмағанын айтты.

Қызды өлтіргенін мойындаған күдікті қала тұрғыны болып шықты. Ұсталушының айтуынша, өзі армандаған автомобильді қыз бөліп төлеуге сатуға келіспегендіктен осындай қадамға барған. Полицейлер ұсталушының BMW маркалы автомобильдің сатылатынын Интернет арқылы біліп, қызбен кездескенін айтты. 

"Өзінде ақша болмағанына қарамастан ол қыздан автокөлікті бөліп төлеуге сатуын сұраған. Дегенмен қызбен келісе алмаған ол қызды өлтірген. Ол қызды айдалаға апарып, оны ұрған, басынан соққы жасаған. Кейін денесін жақын маңдағы қоқысқа тастап, көлікті үйлердің бірінің ауласына қалдырған, ал кілтін лақтырып жіберген", — деді ІІД өкілдері. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары