$ 498.34  519.72  4.85

Жұмыс орнынан есірткі ұрлап сатпақ болған маман сотталды

Шымкентте жұмыс орнынан героин ұрлап сатпақ болған сот сараптама орталығының маманына қатысты үкім шықты. Зертханада тұрған есірткіні өткізіп, оңай жолмен қыруар пайда таппақшы болған аға сарапшыға судья 15 жыл 6 ай мерзімінде жаза тағайындады, деп жазады otyrar.kz.

Айта өтейік, қаңтар айында сот-сараптамалық институтына тексеруге ақ түсті ұнтақ жеткізледі. Салмағы 3,5 келі ұнтақтың сапасы жоғары героин екенін анықтаған аға сарапшы есірткінің 435 грамын ұрлап, орнына ұн араластырып жіберген.

Мұнан соң есірткі сатқаны үшін сотты болған сыныптас досына хабарласып, героинды сату үшін клиент тауып беруін өтінеді. Ұнтақтың әр грамын 10 мың теңгеге бағалапты. Тек досы сатып алушыларға емес, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне қоңырау шалып, сыныптасының өтінішін жеткізген.

Арнайы қызмет өкілдері сатып алушы ретінде сарапшымен жолығып, бүкіл тауарды сатуын өтінген. Жарты келі есірткіні жап-жаңа джипке айырбастауды сұрапты. Сарапшы саудасына келісіп, есірткіні әкелген сәтте арнайы жасақ қызметкерлерінің қолына түсті.

Айыпталушының үстінен үш бап бойынша іс қозғап, 2 ай бойы істі қараған сот оған 15 жыл 6 ай мерзімінде жаза тағайындап, жеке мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Судья екі баланың әкесі үшін бұл жұмсақ жаза деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары