Бүгін Қарағандыда бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау басталды. Оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Сондай-ақ Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының экс әкімі Мейрам Смағұлов пен басқа да әкімдік қызметкерлерінің соты да қатар өтіп жатыр.
2014 жылы 19 қарашада мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес істері жөніндегі агенттік Серік Ахметовты үйқамаққа алды. Ал Әбдішев пен Смағұлов 2014 жылдың күзінде қамауға алынған.
Шенеуніктерге пара алды, ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, қызмет өкілетін асыра пайдаланды, заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысты деген айыптар тағылған.