16 шілде күні Жаңаөзенде оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адам ұсталды деп жазады Tumba.kz.
Ер адамның үстінен ҚР ҚК 122 бабы бойынша, яғни 16 жасқа толмағандармен сексуалды сипаттағы қарым-қатынасқа түскені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қылмысы дәлелденсе күдіктіге 3 жыл бас бостандығынан шектеу, 5 ай үйқамақта отыру немесе 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының тұрғыны бұған дейін оқушы қызды алып қашып, оған үйленбек болған.