$ 494.87  520.65  4.91

Денис Тенді Құдайбергенов емес, Нұралы Қиясов пышақтаған – полиция

Алматы полициясы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты тергеу ісінің қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

"Бетпе-бет жүздестіру барысында күдікті Қиясов Денис Тенге пышақ жарақатын өзі салғанын мойындады", - делінген аталған хабарламада.

Ал, күдікті Арман Құдайбергенов болса тергеу барысында оқиғаның нақты қай жерде болғанын және спортшыны өлтірген пышақтың қайда жасырылғанын көрсетіп берген. Пышақ айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тәркіленген пышақтағы іздер мұқият тексерілетін болады. Ал, куәгерлер болса екі күдіктіні бірден таныпты. Олар полицияға түсініктеме берген.

Еске салайық, мұзда мәнерлеп сырғанаудан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, даңқты спортшы Денис Тенді көлік ұрылары 19 шілде күні Алматының орталығында өлтірген болатын. Марқұм ұрлықтың үстінен түсіп, ұрыларды өзі ұстамақ болған көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары