$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайда тағы бір әкімнің орынбасары ұсталды

-. Қала әкімінің орынбасары Фрунзик Аракелян жемқорлыққа жол бергені үшін өз кабинетінде ұсталған.

Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасап Skifnews.kz  хабарлайды.

Шенеунік жұмыс күні аяқталар тұста құрықталған. Аракелянның кабинеті тексеріліп, құжаттар тәркіленді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Фрунзик Аракелян жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталуда.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев 13 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған болатын.

Бұдан бұрын да Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко да қызметінен қуылғаны белгілі болған еді.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары