$ 443.85  474.3  4.8

Кәсіпкерді өлтіру үшін $3000 алған

Астанада тал түсте кәсіпкерді атып өлтірмек болған күдіктілер қылмыстық әрекеті үшін 3 мың АҚШ долларын алған.

24.kz хабарлауынша тәртіп сақшыларының қолына түскен сезіктілердің біріне қатысты сот отырысы бүгін басталды. Оған адам өміріне қастандық жасады деген айып тағылып отыр. Оның кінәсі толық дәлелденсе, 12 жылдан 25 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін. Алайда оның қорғаушылары істі бұзақылық бабы бойынша қарау туралы өтініш білдірді. Өйткені айыпталушының кісі өлтіру секілді арам ойы болған жоқ дейді олар. Оқиға осыдан бір жарым жыл бұрын болды. Белгісіз біреулер алматылық кәсіпкер Олжас Мұқажанов пен оның досына елорданың қақ ортасында травматикалық қарудан оқ атып, із суытқан болатын. Күдіктілердің бірі көп ұзамай қолға түсті. Жақында қылмыс жасаған екінші азамат та өз еркімен полиция бөлімшесіне келіп, кінәсін мойындады. Айтуынша, бизнесменге қастандық жасауды жапа шегушінің бала кезгі досы тапсырған. Осылайша ол кәсіпкердің 13 миллион АҚШ долларына бағаланған Қостанай облысындағы диірмен кешенін өз қолына өткізіп алуды ойлапты. Енді тапсырыс беруші Ерлан Анарбек пен қастандықты ұйымдастырған Мұрат Садыровке халықаралық іздеу жарияланды. Олжас Мұқажанов, жапа шегуші: - Ойын-сауық кешенінен шығып, кетіп бара жатқан кезде үш рет оқ атылғанын естідім. Не болғанын бірден түсіне қойған жоқпын. Артыма жалт етіп қарадым. Сол кезде екі адам бізге қарай қару көздеп тұр екен. Әр біреуінің қолында бір-бір тапаншадан болды. Алғашқы үш оқ басыма, қалған үшеуі арқа мен иық тұсыма тиді. Ал досым бір оқтан жараланды.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары