$ 448.89  477.93  4.76

Тоқалға таласқандардың соңғы соты болады

Атышулы "Әліби ісіне" соңғы нүкте 7 тамыз күні қойылады деп хабарлайды Today.kz Астана қалалық қылмыстық істер бойынша арнайыландырылған ауданаралық сотының кеңсе жетекшісі Диас Ералинге сілтеме жасап. Сот отырысы 10.00-де өтеді. 

Бүгін айыпталушылар сот отырысындағы соңғы сөздерін айтты. Судья мұнан кейін кеңесу бөлмесіне шығып кеткен. Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушылар судьядан кәсіпкер Қайрат Жамалиевті 10 жылға соттауын сұраған болатын. Ал, оның серіктері Арман Әбілтаевқа - 8 жыл, Анатолий Прибытковқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды талап еткен.

Естеріңізге салайық, Күдікті Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловты бопсалап, дене жарақаттарын салғаны үшін айыпталып жатыр. Екі ер азаматтың арасындағы дауға Жамалиевтің екінші әйелі Айнұр Исина себепші. Ал, сотталып жатқан тағы екі азамат Арман Әбілтаев пен Артур Прибытков Әлібиді жабылып ұрғандығы үшін айыпталуда. 

http://baq.kz/

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары