Ақтөбеде мектепті алтын белгімен тәмәмдаған бойдан абақтыға қамалған Бекназ Кеңшілік аса ауыр жазамен айыпталып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Төбелес кезінде қатарласын пышақтап тастаған сотталушы ҚРҚК-нің 99 бабы ІІ бөлігі 9 және 14 тармақтарымен айыпталған. Заңда ең ауыр қылмыс саналатын істің жазасы 15 -20 жыл бас бостандығынан айыру деп көрсетілген.
20 маусымнан бастап қамауда отырған Бекназ Кеңшілікке қатысты сот отырысы 4 қыркүйекте басталады деп бекітілді.
Сотқа медициналық сараптама жүргізген дәрігер және сотталушыға психологиялық сараптама жүргізген мамандар шақырылатын болды.
Сотта қаза болған Азат Дүсіповтің әкесі полиция инспекторы екені айтылды.