$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да нысандардың антитеррорлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеруден өтіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында «Қазақтелеком» өкілдігі мен «Ұлтық спорт түрлері» облыстық спорт мектебінің басшылары осымен екінші рет антитеррорлық қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №876 қаулысында террористік актілер жасалуы мүмкін деген нысандардың тізімі бекітілген. Сол қаулыға сәйкес, тізімдегі әр нысанда терроризмнен қорғау жүйесі болуы керек.

«ҚР Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңда терроризм болуы мүмкін деген ғимараттарда тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарына қаншалықты жауап беретіні анықталып жатыр. Тексеру жұмыстарын облыстық Ішкі істер департаментінің мамандары жүргізуде», - дейді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Осылайша, тексеру нәтижесінде, нысандардың антитеррорлық қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік сотпен 17 нысанның басшылығы жауапкершілікке тартылды. 13 іс бойынша әкімшілік сот жауапты тұлғаларды ҚР Әкімшілік кодексінің 149-бабымен, қалғандары 462-бабымен жауапқа тартты. Осы ретте айта кету керек, «Қазақтелеком» АҚ өкілдігінің басшысы мен «Ұлттық спорт түрлері» спорт мектебінің басшысы осымен екінші рет дәл осындай баппен жауапкершілікке тартылып отыр.

БҚО ІІД мамандары антитеррорлық қауіпсіздік талаптарын сақтамаған нысан басшыларының ірі көлемде айыппұл төлейтінін ескертеді. Атап айтқанда:

- жеке және лауазымды тұлғаларға 100 АЕК (240500 теңге);

- шағын кәсіпкерлік немесе қыржылық емес ұйымдардың субъектілеріне 200 АЕК (481 000 теңге);

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК (721500 теңге);

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК (1202500 теңге).

Ал, егер бұл құқық бұзушылықты екінші мәрте қайталаған жағдайда қайта айыппұл салынады:

- жеке және лауазымды тұлғаларға 200 АЕК (481 000 теңге);

- шағын кәсіпкерлік немесе қыржылық емес ұйымдардың субъектілеріне 200 АЕК (721500теңге);

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК (1202500 теңге);

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК (2405000 теңге).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары