$ 494.87  520.65  4.91

Жемқорлыққа жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Төлеби аудандық прокуратурасы ҚР Президентінің 24.12.2014 жылғы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын негізге ала отырып, қылмыстың осы түріне жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жою бағытында жұмыстар атқарып келеді.

Аудандық прокуратура азамат Е.Әлмұхамедовтің  жол-көлік оқиғасы бойынша жинақталған іс құжаттарын зерделу нәтижесінде Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторының сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергенін анықтаған.

15.10.2014 жылы Төлеби АІІБ-на Төлеби аудандық ауруханасынан Е.Әлмұхамедовтің  жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаты бойынша ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түседі. Осы бойынша Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторы Б.Арымбаев оқиға орнына шығады. Алайда, ол оқиға орнында көлік апатына қатысушылардың ешбірін таппайды. Көлік оқиғасы Төлеби ауданы, Майбұлақ елді мекенінің жолында болған.

Инспектор Б.Арымбаев сол күні жол көлік оқиғасын жасағандар оқиға орнынан кетіп қалуғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 469-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырумен ғана шектелген Төлеби аудандық ауруханасында жол-көлік оқиғасын жасаған тұлғалардың бір бөлмеде емделіп жатқандығына қарамастан, олардан түсініктеме алмайды.  Кінәліні жауапқа тартуға бағытталған шараларды қабылдамаған.

Сондай-ақ, инспектор оқиға орнында көліктердің сынықтарына сараптама тағайындау, уәкілетті органдарға автокөліктерді анықтауға бағытталған сұраулар жолдау жөнінде жұмыстарды жүргізбеген. Сөйтіп, аталған оқиға бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған.  

ҚР ӘҚБтК-нің 69-бабы 1-бөлігінде «адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес» делінген.

Яғни, Төлеби АІІБ ЖПТ қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасы бойынша құқық бұзушыны негізсіз әкімшілік жазаға тартудан босатып, кінәліні анықтауға толық мүмкіндік болса да, оған заңда көзделмеген артықшылық көрсетіп, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін белгіленген 2 ай мерзімді өткізіп жіберген.

Осының негізінде Төлеби аудандық прокуратурасы Төлеби АІІБ-нің жол полиция тобының инспекторы Б.Арымбаевтың мәселесін қарау жөнінде ОҚО ІІД-ға ұсыныс беріп,  ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары