Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен 2015 жылдың 20 мамыры күні «Жемқорлықпен күресу – әр азаматтың парызы» атты «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелге» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, БАҚ кілдері мен департамент қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттік қызметте кездесетін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңдарының талаптарының бұзылу фактілері және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен іс-қимыл бағытындағы негізгі мәселелер айтылды.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарының жиі бұзылуының себептеріне талдау жүргізіліп, пікірталас болып осылардың нәтижесінде нақты шешімдерге келген.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел отырысының жұмысын қорыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылуы тиіс Департаменттің іс-шара жоспарына қосымша толықтырулар енгізуге шешім қабылданды.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт - Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы. Сонымен қатар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жасалып, ол қоғам өмірінде сәтті түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты бірнеше Жарлықтары қабылданды. Бұдан да бөлек Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталатынын да айтсақ болады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдарында қауіпті болып есептеледі. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп атап көрсеткен болатын.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы салық органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Жалпы салық органдарын ел экономикасының «күретамыры» деп ауыз толтырып айтуға болады. Міне, мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған салада да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс және солай жасалып та отыр. Қазіргі уақытта еліміздегі бұл салада барлық заңдар заман талабына икемделіп, кәсіпкерлердің республика аймағында еркін әрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай жасалуда.