$ 498.34  519.72  4.85

Көкшетауда 2 сутенер жағдайы төмен жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 2 әйел ұсталды. Олар жеңгетайлық етіп, қыздардың тәнін саудалуды бизнес көзіне айналдырған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Осылайша ашықтан ашық әрекет еткен әйелдер 20-24 жастағы қыздарды тұрмыстық жағдайына, жұмыссыздығына қарап таңдап отырыпты. «Мака» деген лақап атпен белгілі жеңгетей әйел 31 жастағы құрбысымен бірге оларды тәнін саудалауға мәжбүрлеген. Яғни жезөкше екенін туыстарына жариялайтынын айтып қорқытқан, тіпті күш көрсеткен. Қазір екі күдікті қолхатпен үйіне жіберіліпті. Адам саудасы және жеңгетайлықпен айналысқаны үшін қос құрбы 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары