Бүгін Қарағандының Мамандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өткен сот отырысы кезінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов өз кінәсін мойындамады. Ол бұл туралы атышулы іске байланысты сотталушыларға қатысты айыптау актісі оқылғаннан кейін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
"Маған тағылып отырған айыпты мойындамаймын. Сәрсенбіде және бейсенбіде тағылған айыптар ойдан құрастырылған және істің нақты жағдайында негізгілері емес. Бұл сөзімді растау үшін мен және менің адвокаттарым сотқа сәйкес дәлелдерді көрсетеді және сәйкес дәйектерді келтіреді", - деп мәлімдеді Серік Ахметов процесс кезінде.