17-18 тамызға қараған түні Мәскеу қаласының «Домодедово» әуежайына РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Сирия Араб Республикасынан үш Қазақстан азаматы жеткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ Баспасөз қызметі.
Олар: Салама Татьяна Алексеевна, 1970 жылы туған, оның балалары - Салама Риад, 1998 жылы туған, Салама Искандер, 2008 жылы дүниеге келген.
Қазақстан азаматтарын әуежайда ҚР Ресейдегі Елшілігінің консулдық қызметкері күтіп алды. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.