Орал шекара отрядына қарасты «Сырым-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды елімізге мұнайлы битумды заңсыз жолмен өткізуге тырысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Скания» және «МАЗ» жүк көліктерін шекаралық тексеруден өткізу кезінде аталған екі азамат жалпы салмағы 51 тонна болатын мұнайлы битумға қатысты құжаттарды көрсете алмады.
Ұсталған жүк ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабының 1-тармағы бойынша рәсімделіп (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ құжатсыз мұнайды өңдеу) материалдар Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.