$ 494.87  520.65  4.91

Жемқорлықпен бірге күресуге шақырды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен құрылған ақпараттық-насихаттық топ Бәйдәбек ауданының тұрғындарымен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мақсаттары мен міндеттерін талқылады.  

Жиын барысында аталған департаменттің қызметкері Қуандық Құлажанов бастаған топ мүшелері Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалды реформаны жүзеге асыру жайлы   баяндамалар жасады. Жиынға аудандағы мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастар, ардагерлер және кәсіпкерлер қатысты.

Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайлы да сөз болды.

- Жемқорлықпен күрес жөнiндегi нақты әрi кешендi шараларды жүргiзу мәлiметтермен алмасу, сыбайлас жемқорлық әрекеттерiнiң алдын алу үшiн бiрлескен түрде жұмыс iстеу, насихат жұмысына ден қойып, баспасөз құралдарымен тығыз байланыста болу өз нәтижесiн бермек. Өйткені, осы бағытта әлi де жариялылық кемшiн және науқандық сипат алуда. Яғни, «Көзе мың күнде емес, бiр күнде сынады» демекшi, насихаттың кемшiндiгiнен оқыс басып, өкiнiшке ұрынып жататындарды да естiп, бiлiп жүрмiз. Сондықтан бұл орайда пендешiлiктен сырт айналып, «малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп арға жүгiнгенге не жетсiн, - деді баяндамашылардың бірі.

Жиын барысында Бәйдібек ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз болды. Аөпараттық-насихаттық топ мүшелері аудан жұртшылығын жемқорлық жолында бірге күресуге, белсенділік танытуға шақырды. Тұрғындар ауданға келген ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне көкейдегі сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары