$ 444.32  473.33  4.76

Судьялар жемқорлықпен күресуге шақырды

Еңбекші аудандық сотының ұйымдастыруымен Шымкенттегі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасында алқалы жиын өтті. Судьялар жиында сот саласында орын алатын өзгерістер туралы ғана емес, мемлекеттік қызмет саласына енгізілетін өзгерістер туралы да баяндады.

Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалды реформаның екінші бағыты заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл орайда азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот инстанциялары оңтайландырылып, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшірілмек. Сондай-ақ, алдағы уақытта судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктері көбейтіліп, біліктілік талаптары қайтайтылмақ.  Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан, әрі қарай бір жылдық сынақ мерзімінен өтуге тиіс.

Жиында аталмыш реформаның алғашқы бағыты – кәсіби мемлекеттік аппарат құру жайлы да сөз болды. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасалып, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы енгізілмек.

Еңбекші аудандық сотының судьялары жемқорлықпен күрес күшейтілетіні туралы баяндап, клиника мамандарын сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

- Жаңа заңнамалар әзірленіп, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құрылады, - деп атап өтті кездесу барысында судьялар.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Жиында осы мәселенің барлығы қатысушыларға жан-жақты түсіндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары