$ 494.87  520.65  4.91

Заң талаптары орындалған жерде заң бұзылмайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданының халқымен кездесу өтті.

Кездесу барысында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы сатылары - кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға негізделген, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған іс-шаралар туралы айтылды.

- Осы орайда, мемлекеттік қызметте бірқатар реформалар орын алмақ, - деп атап өтті департамент мамандары.

Олардың мәлімдеуінше, ендігі жерде мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдері жаңғыртылады. Яғни, мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталады.  Сондай-ақ, төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылмақ. Ал, мемлекеттік қызметке қабылдаудың үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілмек.

- Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қызметінің нәтижесіне байланысты өсіріліп, еңбекақы нәтиже бойынша төленеді, - деп түсіндірді мамандар.

Олардың мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбекақы – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық индикаторларға қарап есептеледі.

Кездесу барысында реформаның осы бағытындағы 12 және 13-қадамдар туралы да кеңінен сөз болды. 

Мемлекеттік қызметшілерге арналған этикалық ережелер,  жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – бүгінгі күннің өзекті проблемасы болып отыр.

- Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.  Заң талаптары орындалған жерде заң бұзылмайды, - деп атап өтті департамент мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары