$ 445.66  474.58  4.78

Бойжеткенді тепкен жігіт өзінің әрекетінің дұрыс болмағанын мойындады

Астанадағы кинотеатрдың кассирі қатты тепкіден айтарлықтай жарақат алған болуы мүмкін. Дәрігерлер өмірлік маңызы бар ішкі ағзаларға зақым келуі ықтимал деп отыр. Сол арада оны аяусыз тепкен жігіт өзінің дұрыс жасамағанын мойындады деп хабарлайды 31 канал.

Кәсіби жекпе-жекпен айналысатындардың пікірінше, соққының кәсіби түрде жасалған. Яғни жігіт барынша жарақаттау үшін қай жерден тебу керектігін жақсы білген. Кез келген жекпе-жек түрінде ар-намыс кодекстеріне сәйкес, әлсіз қарсыласына мұндай соққы жасауға тыйым салынған. Ал нәзік жандыларды ұру тіптен бұрыс саналады.

«Бұл қатты соққы емес, өте қатты соққы болды. Ол жылдамдықпен тесіп өтерлік соққы жасады. Не себепті спортшылар пресс жасайды? Себебі құрсақ қуысы – адамның әлсіз тұсы. Бізде жүрек, өкпені қорғайтын қабырға бар. Ал мұнда түк жоқ. Сол себепті қатты соққыдан адамның ішкі ағзалары жарылып кетеді», – дейді каратист Арман Кәрімов.

Әлеуметтік желіде зардап шегушіге көмек беретін арнайы топ құрылып үлгерген. Көпшілік бұл жағдай тараптардың келісімге келуімен аяқталады деп қорқуда. Бойжеткенді тепкен сәттің видеосын көргендер жігіттің бұл қылығын ащы сынға алған.

Қол көтерген жігіт болса, бүгінде барлық әлеуметтік желілердегі аккаунтын өшіріп тастаған. Алайда 31 арнаның хабарлауынша, аккаунтын өшірмес бұрын Тұракелдиев өзінің дұрыс жасамағанын мойындаған.

Қоғам қайраткері Ғалым Байтүктің ойынша, адамдар бүгінде қалталылардың балаларының жазасыз құтылуына көндіге қоймайды.

Ал кассир-бойжеткеннің денсаулық жағдайына қатысты еш ақпарат жоқ. Ол журналистермен байланысқа шығудан бас тартты. Қазіргі уақытта айыптыны қорғаушы соттың жабық түрде өтуін сұрағаны белгілі.

Еске салсақ, оқыс жағдай 14 қыркүйекте орын алған. Астаналық Kinopark 8 SaryArka кинотеатрына келген жігіт кассир-бойжеткенге стаканды лақтырып,кейін оны аяусыз тепкен.

Астана қаласының ІІД полицейлердің бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Төбелес ашқан жігіт қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары