09.01.2019, 11:55

Қостанай облысында пара алуды кәсіп еткен қос полицейді сот қамауға алды

Көрнекі сурет

Қостанай облысында полицияның 2 басшысын сот қамауға алу туралы шешім шығарды. Оларға ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр деп жазады NUR.KZ.

Сот Жеткіқара полиция бөлімі қызметінің 2 бірдей басшысын қамауға алуға шешім шығарды. 

Күдіктілерге ҚР ҚК-нің 366-бабы («Ірі көлемде пара алу») бойынша айып тағылып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетіқарада 2 полицейдің пара алып ұсталғаны жайлы хабарланған.