$ 514.65  544.6  5.17

Олжас Сүлейменов жиенінің өліміне кінәлі Мұхитоваға тағы да рақымшылық жасауды өтінді

Олжас Сүлейменов немересі Ескендірдің өліміне байланысты Астана сотына хат жазды. Онда ол соттан айыпталушы Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады деп жазады NUR.KZ.

«Денсаулығымызға байланысты жұбайым екеуіміз жәбірленуші тарап ретінде сотқа қатыса алмаймыз. Бірақ біз жалғыз немеремізден айырылдық, сондықтан жәбірленушіміз. Мұнымен сот та, миллиондаған қазақстандықтар да келіседі. 

Қиын сәтте адамдар дінге жүгінеді. Құран мен Інжіл мейірімділікке шақырады. Үлкен қателерді кешіруге үгіттейді», - деп жазды Олжас Сүлейменов.

Жазушы әулеттің үлкені ретінде Астананың қалалық сотына Мұхитованы қылмыстық немғұрайлығы үшін соттап, бірақ бостандығынан айырмауды сұрап хат жазғанын атап өтті.

«Бүгін өтінішімді қайталап отырмын. Жұбайым мені қолдайды. Қызым Лейла мен басқа туыстарым қиын сәтте көрсеткен мейірімділік адам бойындағы адами қасиеттерді сақтап, игі істер үшін өмірін ұзартатынын уақыт өте түсінеді. Лейла екі қызын тәрбиелеп, жан дүниесін сабаға түсіруі тиіс», - деп жазылыпты хатта.

Хат оқылған кезде сотталушы Мұхитова көз жасына ерік берді.

«Олжас Омарұлына рахмет айтып, Ескендірдің отбасынан тағы да кешірім сұрағым келеді», - деді ол.

Бойжеткен кінәсін мойындады, бірақ соттан бас бостандығынан айырмауды сұрап отыр.

Ескендірдің ата-анасы атасының көзқарасымен келіспей, Мұхитованың түрмеге қамалуын талап етіп отыр.

Бүгінгі сот отырысы соттың кеңесу бөлмесіне аттануымен аяқталды.

2019 жылдың 14 қаңтарында сот Мұхитова ісіне қатысты үкімін шығарады. Екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырады немесе жаза мен мерзімді өзгертеді.

Еске сала кетейік, Ескендір Сүлейменовтың анасы сотта мәлімдеме жасап, айыпталушыны кешірмейтінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары