$ 443.85  474.3  4.8

Түркістан облысында мектеп оқушысын зорламақ болған ер адам ұсталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында мектеп оқушысын зорламақ болған ер адам ұсталды деп хабарлайды жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

15 қаңтар күні Сайрам аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторына қыздың әкесі арызданған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні аудандық полиция басқармасына жеткізді.

ҚР ҚК бойынша ер адамға жасөспірімді азғындаған деген айып тағылды. Күдікті қамауда. Тергеушілер сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды. 

Еске сала кетейік, 16 қаңтар күні «бастауыш сынып оқушысын зорламақ болды» деп белгісіз ер адамды көрсетіп шулаған тұрғындардың видеосы желіде тарап кеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары