$ 494.87  520.65  4.91

«Досымен бірге»: Ақтауда әкесі өзінің үш қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген

Ақтау тұрғыны 10, 12, 14 жастағы үш қызының зорланғанын айтып, полицияға шағымданды деп жазады NewTimes.kz.

Әйел қыздарын дәрігерге апарып тексерткенін айтады. 

«Дәрігер 3 қыздың да пәктігі жоқ деді. 14 жастағы қыз ең алғаш 9 жасында зорланған. Ең кішісі соңғы рет 2018 жылдың желтоқсанында зорлық көрген. Тіпті артқы жақтан да сексуалды қатынасқа түскен. Екі қыз өздерін әкесі, ал кішісі бірге тұратын кісінің зорлағанын айтты», - дейді Ақтау тұрғыны. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаны растап отыр. Олар әзірге 2005 жылғы қыздың зорланғанын дәлелденгенін айтады. 

«Кәмелет жақса толмағандарды зорлау» бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Іс облыс прокуроры мен департамент басшысының қатаң бақылауына алынды», –  дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары