$ 494.87  520.65  4.91

Ел бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді

Бас көлік прокуратурасының тексерісі нәтижесінде Қазақстанның көлік компанияларынан еліміздің бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Көлік прокуратурасы органдары Мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесе отырып квазимемлекеттік сектор мен оның контрагенттерінің салық заңнамасын орындауына талдау жасады.

Көлік саласындағы кәсіпорындардың мәлімдеген айналымдарын талдау нәтижесінде жеткізушілердің ауытқулары анықталды.

Өндірілген сома толық көлемде мемлекет бюджетіне түсті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары